БҒК #2 | ХАДИС ІЛІМІ | Азамат Жамашев | Жанболат Сапашов | Mihrab.kz HD

11.11.2020
Құрметті, @Mihrab.kz парақшасының көзіқарақты оқырмандары! Бүгін "Бір ғалымды көрсеңіз" жобасының екінші сериясы жарыққа шығады. Қонақта Нұр Мубарак университетінің аға оқытушы, еліміздегі хадис саласының хас шебері, Phd доктор, Нұр Мүбәрак университеті шәкірттері арасында өткен сауалнама бойынша үздік ұстаз атанған, бірнеше кітаптар мен еңбектердің авторы Азамат Жамашев. Адамзаттың ардақтысы Алла Елшісі ﷺ дүниеге келген айдың құрметіне орай бүгінгі сұқбатымызда Пайғамбар мұрасына, оның ішінде хадис іліміне кеңірек шолу жасайтын боламыз. 00:00 Анонс 1:11 Кіріспе 2:25 Ілім жолына қалай түстіңіз? Қандай діни оқу орнында тәлім алдыңыз. Осы туралы қысқаша айтып берсеңіз. Негізгі бөлім: 3:27 Хадис дегеніміз не және хадис пен сүннеттің айырмашылығы қандай? 6:34 Хадис ғылымы қашан пайда болды және хадис кітап бетіне қашан жазылып басталды? 13:33 Асыл дінімізде тізбекке (сәнад) мән беру қаншалықты маңызды және бұл іспен кімдер айналысады? 17:30 Хадистің қанша түрі бар? 19:09 Дініміздегі танымал хадис кітаптары мен жинақтары һәм олардың өзіндік ерекшеліктеқандай? 23:50 Сахих Бұхари мен Муслимде келген хадистердің барлығы амалға жарамдыма? 26:50 Бухари мен Муслимнің қазақ тіліне аударылған аудармасын өз бетімізбен оқып, түсініп, амалға асыра аламызба? 28:00 Неге Бұхари мен Муслимнен басқа хадисшілер кітаптарында әлсіз хадистерді келтірген? 30:34 Әлсіз хадиске амал жасаудың үкімін ашықтап, айтып берсеңіз. 35:45 Кейде екі сахих хадистің мағынасы бір-біріне қарама-қайшы келеді, осындай хадистердің шешімін ғұламаларымыз қалай шешкен? 42:30 Әбу Ханифа мухаддис болған ба? Оның хадис саласындағы орны қандай? 49:05 Әбу Ханифаның тізбегі 53:00 Ханафи мазхабы көбіне әлсіз хадистерге амал жасайды дейді. Осы қаншалықты ақиқатқа жанасады? 56:30 “Егерде хадис сахих болса сол менің мазһабым” дегенді қалай түсінеміз? 58:11 Жалған хадис қалай пайда болды? Желіде уатсапта жалған хадис таратудың үкімі. 1:02:52 Исраилятта келген хабарларды қабылдауға, амал етуге бола ма? Олардың хадистен айырмашылығы қандай? Соңғы: 1:06:04 Ханафи мәзһабынан шыққан қандай мухаддистерді білесіз? 1:09:12 Хадис іліміне қызығушылық танытушы талабаларға қандай кітаптар оқуды ұсынасыз?

Похожие видео

Показать еще