ҚЫЗ ЖІБЕК HD
Халықаралық әйелдер күні жақындаған сайын Атыраудағы Елбасы мектебінде де алуан түрлі шаралар қыза түсті. Солардың бірі көзі қырақты көрерменін тауып, әділ бағасын алған тамаша тұсаукесердің бірі әйгілі - Қыз Жібек лирикалық дастаны. Барша мектеп ұжымын жинап, мәдени мұрамызды жанғыртқан тамаша қойылым оқушыларға рухани азық болды. Жібек пен Төлегеннің жарасқан жұбы, Бекежанның бекім мінезі салтанат құрған сахнаның сәніне айналды. Бұл қойылымның тарихы қаншалықты мәнді болса, оның кейіпкерлеріне жан бітіріп тарихи драманы жаңғыртқан жастардың да еңбегі өлшеусіз. Бірнеше айларға созылған жаттығулар мен тыңғылықты дайындықты қажет еткен шығарма бүгін міне өз мәресіне жетті. Шараны тамашалауға келген меймандардың арасында бір топ ақ жаулықты аналар талантты да талапты балалардың еңбектеріне тәнті болды.
Похожие видео
Показать еще