Абай елі

26.01.2020
Бұл танымал әнге осыдан бірер жыл бұрын Абай ауданының әкімі болған, марқұм Тұрсынғазы Жантұяқұлының өтінішімен ел тарихын қосып сөз жазған едім. Онымен қоса себепкер болған "Қаламқас" халық ән-би ансамблінің режиссері Дулат Кабдолдин ағамның қолқа салуы еді. Біршама уақыт өтсе де бұл ән қайта-қайта айналып алдымнан шыға берді. Әркезде әртүрлі бейнелермен әрленген. Бұл жолы Дарын есімді бауырым ән рухын асқақтататын түсірілім жасап қуантты. Әнді орындаған "Қаламқас" ән-би ансамблінің әншілері Еркін мен Жайнагүл апайым! Алғыс айтқым келеді баршаңызға!

Похожие видео

Показать еще