Әке мен бала

08.05.2014
Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы -- Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы -- Оналхан Наурызбаев Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы Әкетайым, асқар тауым, Асау біик, шынарым. Арым, таза намысым, Жетелейтін, жарығым. Салыстыра алмаспын, ешкіммен, Сен ерекше, адамсың. Ішкі жаның, көркіңмен, Сәйкес болып, қалғансың. Соғады-ау, өзің деп, жүрегім, Әр дүрсілі, сен деп, тоқтамас. Өмірде, ең үлкен, тілегім, Өзіңе болу, тек жалғас. Тағдырдан, барым, тілегім, Жүре бер, мәңгі, алдымда. Ең қымбат, маған, керегім, Сен болсаң, әрдайым, қасымда. Теңесем, күннің, жарығы, Боласың мені, сергейткен. Теңесем, айдың жарығы, Қараңғыда, жол сілтеген. Әкетай, сенсіз тұншығам, Бар ауа жетпей, жалғанда. Бұлығып, ұша алмай қалам, Өзіңсіз, жалғыз, қалғанда. Өтер алам ба екен, парызды? Алдыңда сенің, әкетай. Маңдайға, тағдыр не жазды? Өтер алам ба екен, құламай? Жасай бер мәңгі, әкетай, Тек сонда ғана, мен болам. Жылға -- жыл, қосылсын, тоқтамай, Өзіңнен күш қуат, мен табам.

Похожие видео

Показать еще