Алматыда аралас жекпе-жек шеберлері күш сынасады HD
Алматы Аренада ережесіз жекпе-жектен әлем мықтыларының айқасы өтеді. Бүгін спортшылар салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Ел намысын қорғайтын жігіттеріміздің нағыз бабында екендіктері бірден байқалды. Ешқайсысында артық салмақ жоқ. Атап айтар болсақ Евгений Егембердиев пен Асу Алмабаев және Қаршыға Даутбек пен Бақытжан Несіпбек секілді спортшыларымыз намысты қолдан бермейміз деп отыр. Ал жұрт асыға күткен жекпе-жек Арман Оспанов пен бразилиялық Тьяго Силва арасында өтетіні белгілі. Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте болатын жекпе-жектердің барлығын сіздер «Хабар» арнасының эфирінен түнгі сағат 00:00 де тамашалай аласыздар.
Похожие видео
Показать еще