Соңы төбелеске ұласқан жекпе-жек. Кім кінәлі? HD

01.07.2015
Өткен аптада «Алаш Прайд» спорт клубының мүшесі Артем Резников аралас жекпе-жек бойынша кездесу өткізіп, мұның соңы дау-дамайға ұласты. Артем Резниковтың қарсыласы болған шешен жігіті жеңіліс тапқан кезде оның жақтастары шаршы алаңға лап қойып Артемге жабылып кетті. Екі қарсыластың жақтастары арасында болған жаппай төбелес кезінде әлдебіреу тапанша атты. Бұл оқиға түсірілген видео интернетте жарияланған соң, дау-дамай туындады. Біреулер «Алаш Прайд» спорт клубының мүшесі Артем Резниковтың астыртын жекпе-жекке қатысып жүргенін айыптады. «Алаш Прайд» клубының атына да жағымсыз пікірлер айтылып жатыр. Осы оқиғаның анық-қанығын білу үшін біз «Алаш Прайд» аралас жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының президенті Данияр Қасқарауовқа жолығып, оған бірнеше сұрақ қойдық.

Похожие видео

Показать еще