«Хабар» арнасынан «Соңғы үміт» телехикаясы көрерменге жол тартады HD

01.09.2020
Жаңа маусымда «Хабар» арнасының көрермендер назарына ұсынатын тағы бір телетуындысы «Соңғы үміт» деп аталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда отбасылық құндылықтар мен қазақи салт-дәстүр кеңінен насихатталып, ата-ана мен бала және келін арасындағы қарым-қатынас көпшілікке ой салары анық дейді шығармашылық топ өкілдері. Қазақ тілінде түсірілген телехикая оқыс оқиғадан басталады. Тоғызыншы сынып оқушысы Самат селфи жасаймын деп абайсызда биіктен құлап кетеді. Осыдан кейін фильм сценарийі әртүрлі шиеленісті оқиғалармен өрбіп, отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетін бағаламау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпегеннің соңы неге апарып соғатынын көрсетеді. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще