Украинада отандық киноға сұраныс артты

21.01.2019
Украинада ұлттық кино өніміне сұраныс жыл сайын екі есеге дейін артып, өткен жылы прокаттағы отандық кинодан түскен қаржылық табыс рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Кинотеатрлардағы көрермен саны 2018 жылы шамамен 2 млн 400 мыңнан асқан. Сонымен Украинада ұлттық кино және дубляж индустриясын дамыту қалай жүзеге асып жатыр? Киевтегі «Жовтень» көне кинотеатрының құрылғанына биыл 88 жыл. Людмила Горделадзе тарихи ғимаратты жиырма жылға жуық басқарып келген. «Екі жыл бұрын қабылданған «Украина киносын мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңы отандық кино, дубляж және анимациялық өндіріс саласына тың серпіліс берді», - дейді топ-менеджер. Заң бойынша мемлекеттік, яғни украин тіліне аударылған шетел кинокартинасы 2023 жылға дейін кедендік баж және қосымша құн салығынан босатылған. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/291494-ukrainada-otandy-kino-a-s-ranys-artty

Похожие видео