аке құпиясы

13.07.2018
Әке құпиясы Бұл өмір өз жөнімен өтеді екен, Даралап бөліп-жарып көрмейді ешкім. Әр адам өз шаруасын ойлап қана, Дүниеден осылай өтеді екен. Құпиясын әрдайым іште сақтап, Өмірім тек осылай өтер деген. Шараң барма құпия тез ашылып, Сол құпия өзіңнің жаныңды алса. Бұл нендей құпия деп дау жасама, Әуелі оқиғаны жайлап тыңда. Егерде бұл шығарма ұнамаса, Ештеңеге тиіспей таста онда. Ғашықтық жыры десем мұны енді, «Бекер» деп қиғылықты салма сенде. Қыз бен жігіт жайында бұл өлеңді, Оқы да сен де ойлан достым енді. Балалық махаббат па, әлде басқа, Ойланып басыңды сен де ауыртпа. Қыз бен жігіт ғашық боп бала кезден, Сезімдерін екеуі іште бүккен. Әуелі мен бұларды таныстырсам, Есімі қыз сұлудың Айна екен, Әкесі шіріген бай Қайнар екен Айнаның анасы бар Жайна деген. Ал жігіт жағы болар бұған қарсы, Қыздан тым кедей екен жігіт жарлы. Әкесін бұл дүниеде көрмеген де, Жақып деп аталыпты жігіт аты. Калима мен Жақыпты қыз әкесі, Жалғыз қыздың қорғаны болсын енді, Жалғыз ізім сол ғана деген оймен, Үйіне әкеліпті ол екеуін. Жайна да болмады оған тиіп, Үндемей, көне берді көңілденіп, Калиманы үйіне жинаушы қып, Ал жігітті қызына қоғаушы қып. Осылай өмір зулап өте берді, Шынында бұл оқиға кәделі еді. Кім барар енді оның байыбына, Тек шыда сәл-ақ қалды достым жаңа. Қызда енді бойжетті сұлу болып, Шешесі өсіріпті бұрымды қып. Келбеті аппақ екен, ерні қызыл, Мөлдіреген көзі мен шашы қара. Ал жігіт еңселі де, күшті еді, Қара торы өзі әдемі жігіт еді. Шайқасқанда өзі-ақ жеңіп салар, Қыздың нағыз қорғаны Жақып еді. ********* Осылайша қыз бен жігіт бір мектепте, Қатар жүріп екеуі, бір түлепті. Жігіт енді сезімін жасыра алмай, Өлеңдетіп жіберді қызға солай. Қызға жетті ол хатта құрбысымен, Қыз ашып оқиды оны шын сезіммен. Сонан соң қыз жігітке хат жазады, Жауабына жігіт қыздың тамсанады. «Екеуіміз мектепті енді бітірдік, Қалаға да екеуіміз бірге кетсек, Оқуға осылайша бірге түссек, Сонда жүріп некелесіп үйленсек, Бақытты өмір сүріп жатсақ екуіміз, Ата-анамыз ештеңе деп үндемес, Жалғыздарын беттен қағып ұра алмас» Хатқа жауап осылай деп жазылды. Бітірген екеуі бір мектепті, Қалаға да аттанды бірге екеуі, Сол баяғы хаттағы сөз бойынша, Жақып-Айна болып олар некелесті. Содан бері ауылға олар бір келмеді, Ата-ана көңілі мұң шерменде. Бір жыл бойы кетекеннен соң хабарсыз, «Кетті екеуі» - деді ата – ана алаңсыз. Бір жылдан соң келеді, күткен хабар, Жамандықтың бастауы осыма шын? «Жақып-Айна некелескен екеуі, Айна жүкті жақын екен ай-күні.» Бұл сөзді естіп қыз әкесі құлады, Калима ана жан дауысымен жылады. Амалың не бұл өмірге не шара, Құпияға толы өмір болғаны. *********** Қайнар әке Жайна ана үйленген, Үйленгенге бес жыл уақыт болса да, Бірақ Жайна әлі күнге тумады, Әулие, иман бәрін шарлап болады. Қайнар сонда Калиманы тауып-ап, Екеуі бірін-бірі сүйіп құшты. Бір күні жаңалықты айтты ана, Мұны естіп, Қайнар әке қуанады. Жаңалықты айтуға оқталады, Жайна ананы осылайша қуантпақшы. Естіді бірақ басқа жаңалықты, Жайна да жүкті еді сол уақытта. Калима

Похожие видео

Показать еще