Электрондық кестелер Информатика 7-сынып HD

16.11.2020
3.2 Электрондық кестелер Информатика 7-сынып Сіздің үйренетініңіз: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері; MS Excel – Microsoft Office дестесі қосымшаларының құрамына енетін электрондық кестелермен жұмыс істеу программасы. Excel-ді кестелік процессор деп те атайды. Себебі оның көмегімен кез келген кесте түрін жасауға, қуатты математикалық, статистикалық, финанстық есептеулерді жүргізуге мүмкіндік бар. Программаның жұмысы калькуляторға ұқсас, бірақ одан жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Күрделі есептерді шешуге және санды деректер негізінде диаграмма жасауға болады. Ехсеl программасының Windows-қа арналған нұсқалары (версиясы) көп. Оның тарихы 1985 жылдан Excel 1.0 нұсқасынан басталады. Excel программасы елімізге 1997 жылы білім саласын компьютерлендірумен байланысты енді. Ол Windows-тың алғашқы нұсқасымен бірге тарады. Елімізде алғаш танымал болған Windows 95 жүйесінде Excel 7 программасы қолданылды. Бұдан кейін Excel 97, 2000, 2002, 2003, 2007, 2010, 2013, 2016 нұсқалары пайда болды. Программаның Ехсеl 2007 нұсқасынан бастап, көлемді деректермен жұмыс істеу үшін парақтарының саны мен оның өлшемдері көбейді. Айталық, Excel 2003 нұсқасында бір парақтың беті – 255 баған 65535 қатардан тұрды. Excel 2007 нұсқасында 16 384 баған, 1 048 576 қатардан тұрды.

Похожие видео