Биология 7-сынып электрондық оқулық

10.08.2013
Оқулық тірі ағзалардың көптүрлілігін сипаттайтын бес модульден тұрады. Олар органикалық дүниенің бес дүниесіне сай келеді: вирустар, бытыранықтар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар. МОБ-да алуан түрлі бейнероликтер мен анимациялар, зертханалық жұмыстар мен интерактивті тапсырмалар жүйесі, әр модульге арналған қорытынды тест жұмыстары берілген. «Биология 7-сынып» МОБ 7-сынып оқушылары білімдерінің қалыптасуына, табиғатқа қызығушылықтарын арттыруға, қоршаған ортаға қамқоршы болуға тәрбиелеуге септігін тигізеді. МОБ жалпы орта білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына арналған; биология сабақтарында қосымша оқыту әдісі, дидактикалық материалдар көзі ретінде де, оқушылардың өзіндік жұмысына, сонымен қатар талапкерлердің мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде де пайдаланылуы мүмкін.

Похожие видео