Ақтөбеге Орынбор қуыршақ театры келді
Орынбор облыстық қуыршақ театры гастрольдік сапармен Ақтөбеде жүр. Олар ақтөбелік әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін келген. Өнер ұжымы бүгін "Алақай" қуыршақ театрының сахнасында "Алтын балапан" спектаклін қойды. Балапан, түлкі және қасқыр рөлдерінде Галина Мирошниченко, Татьяна Деденева және Александр Казимирский ойнайды. Үшеуі де - Орынбор қуыршақ театрының белді әртістері. Қойылым бала тәрбиесі жайында. Балаға ата-ананың қамқорлығы мен көңілі қаншалықты керек екенін көрсетеді. Ресейлік театр ұжымы біздің қалада екі күн болады, осындағы әріптестерімен тәжірибе алмасады. Бұл екі театр арасындағы 14 жылдан бері үзілмеген үрдіс. Біздің "Алақай" қуыршақ театры бес күн бұрын Орынборда болып, ондағы көрермендерге "Жадыра, жайна, достар" қойылымын сахналап келді. Бүгін орынборлық әртістердің өнерін "Ақбөбек" балабақшасының бүлдіршіндері тамашалады. Ресейлік ұжым ертең мектептер мен бөбекжайларда көшпелі театр ұйымдастырмақ.
Похожие видео
Показать еще