Ақ киім | Өлімді еске салу

24.09.2014
«Жер бетіндегі барлық нәрсе пәни, яғни өткінші…» («Рахман» сүресі, 26-аят) «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» («Әнбия» сүресі, 35-аят) «Расында сендер қашқан өлім; ол, сендерге кездеседі» («Жұма» сүресі, 8-аят) «Кімге ұзақ өмір берсек, Біз оның жаратылысын (жастығы мен келбетін) өзгертіп, белін бүкірейтеміз. Адамдар осыны ойланбайды ма? (ғибратқа толы өмір жолын түсінбейді ме?)» («Ясин» сүресі, 68-аят) «Саған яқин (өлім) келгенше Раббыңа құлшылық жаса!» («Хижр» сүресі, 99-аят) «Ей, иман келтіргендер! Сендерді мал-дүниелерің мен бала-шағаларың Алланы зікір етулеріңнен тыймасын. Егер кімде-кім бұлай істесе, міне, солар нағыз қасіретке ұшыраушылардың дәл өзі. Қайсы біріңе өлім жетіп: «Уа, Раббым! Маған аз уақытқа мұрсат бере гөр, садақа беріп, ізгілерден болайын!», – деместен бұрын, сендерге ризық ретінде берілген дүниемізді Алла жолында жұмсаңдар! Өйткені, Алла тағала ажалы жеткенде ешкімді кері жібермейді. Алла не істегендеріңнен хабардар» («Мунафиқун» сүресі, 9-11-аяттар) «(Уа, Аллам!) Менің жа-нымды мұсылман болған күйде ал! Сондай-ақ, мені салих құлдарыңның қатарына қоса гөр!», («Юсуф» сүресі, 101-аят). «Күмәнсіз Раббымыз Алла!» дегеннен кейін тұп-тура жүргендердің төбелеріне періштелер түсіп, оларға: «Қорық-паңдар, қайғырып, мұңаймаңдар, сендерге уәде етілген жәннатпен қуаныңдар», – дейді» («Фуссилат» сүресі, 30-аят). Әли (р.а.) былай деген екен: «Дүние артына бұрылып алып, кетіп барады. Ал, ақырет бізге қарай бет алып келе жатыр. Бұл екеуінің де өздеріне тиісті бала-лары (іздеушілері) бар. Сендер ақыреттің балалары болыңдар. Әсте дүниенің балалары болмаңдар! Бүгін – амал ететін күн, есеп жоқ. Ал, ертең есеп беру бар, бірақ амал істеуге мүмкіндік жоқ болады» (Әл-Бұхари, Риқақ 4). Өлімді және одан кейінгі тіршілікті еске алудың адамның нәпсісінің түзелуіне әсері зор. Сол үшін Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлімді көбірек еске алуға үгіттеді. Және Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын), мұсылман кісі басына түскен қиыншылықтар себепті өлім тілеуінен қайтарды. Өйткені адам баласы жақсылық өлгенінде ме, әлде өмір сүргенінде ме білмейді. Керісінше Алладан өзі үшін хайырлы болғанын белгілеуін сұрауы тиіс. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Ләззаттарды күйретуші (өлімді) көп еске алыңдар» Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ешбірің басына түскен залалдан ешуақытта өлім тілемесін. Ал егер қалайда осылай істегісі келсе, онда «Аллахумма ахйини мә кәнатил хаяту хайран ли, уә тәуаффани иза кәнатил уәфату хайран ли» (О, Алла! Маған тіршілік хайырлы болса, өмір сүргіз, ал маған өлім хайырлы болса, өлім бер!) – деп айтсын» Вконтакте: http://vk.com/kyskadakyzykty

Похожие видео

Показать еще