Назарбаев Зияткерлік мектептері
Елбасының ұйытқы болуымен 2009 жылдан бастап Қазақстанның өңірлерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ашылуда. Қазіргі уақытта «Зияткерлік мектептер» Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Өскемен және Талдықорған қалаларында бар. 2013 жылға дейін республиканың барлық өңірінде 20 «Зияткерлік мектеп» жұмыс істейтін болады деп жоспарлануда.