Батыр Жүкембаев пен Косме Ривера 07 04 2017 Батыр Джукембаев 777 Batyr полные видео толық нұсқа

17.04.2017
Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 8-0-0, 7КО) - Косме Ривера (Мексика, 41-23-3, 28КО) Батыр Жүкембаев «IBO international» белбеуінің иегері атанды Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (9-0, 8КО) бүгін мексикалық Косме Ривераға қарсы жекпе-жек өткізіп, 7-раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп, кәсіпқой бокстағы тұңғыш «IBO international» белбеуін жеңіп алды. Жекпе-жек бастала салысымен Батыр тізгінді өз қолына алды. Әр раундта қарсыласына қарағанда екі есе көп соққылаумен өткізді. Батыр үшінші раундта-ақ жекпе-жекті аяқтауы мүмкін еді, дегенмен көрермендер үшін және қарсыласы үшін бокстасуға мүмкіндік берді. 7-раундқа дейін Батыр үнемі шабуылда болды. Қарсыласы да соққы жасамады демейміз, реті келіп жатқанда Косме Ривера да қарсы шабуылда жақсы соққылар жасады. Соққыға өте төзімді және шыдамды боксшы екен Косме. Бірақ, жетінші раундта Батырдың сериялы соққысына шыдай алмай тағы бір нокдаунт алды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Батыр "777" Жүкембаев карьерасында тұңғыш белбеуін иеленді. Жекпе-жек соңындағы сұxбатында "Бұл менің арманым болатын. Міне, арманым жүзеге асып жатыр. Әлемдік деңгейдегі чемпиондыққа қарай тағы бір сәтті қадам жасағаныма қуаныштымын. Барша жанкүйерлеріме, промоутерім Камиль Стефанға, менеджерім Анна Реваға және бапкерім Стефань Ларуша алғысымды білдіремін", - деді Батыр Жүкембаев. Айта кетейік, бұған дейін Батыр Жүкембаев 28 қаңтар (Астана уақыты бойынша 29 қаңтар) күні жекпе-жек өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Похожие видео

Показать еще