Қыз есімін алған ұл бала

02.07.2015
Айару ма, әлде Айсүндет пе? Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны дүниеге ұл әкелгенін дәлелдей алмай жүр. Аудандық АХАТ бөлімінің мамандары түрлі сылтау айтып, бұл мәселені «сағызша созып » келеді. Жыныс мүшелері толық жетілместен, шала туылған баланы перзентханада «қыз» деп, туу туралы күәлігіне де солай жазылып кеткен. Буыны беки келе оның ұл бала екені анықталған. Генетиктер де ұл деген анықтама беріп отыр. Алайда құлықсыздық танытқан құзырлы мекемелерге ол құжат емес көрінеді

Похожие видео

Показать еще