Тоң май / Комбижир / Табиғи таза өнім /Анамнан қалған әдіс HD

31.03.2021
Сәлем достар Ертеде шешем “Семіздің арты сегіз” -деуші еді. Сонда ойлайтын едім, ол қандай мағынаны білдіреді екен деп. Міне, енді көзім жетіп, түсініп отырмын. Күзгі қүстардың, күздік малдың, қысқы соғымнан жиналған майларды жинап, марқұм шешем, иманды болсын, шелек-шелек тоң май дайындап, сол маймен бауырсақ пісіріп, бар тамаққа салып, қуырып дайындайтын. Тоң май-нағыз табиғитаза өнім. Оның адам ағзасына пайдасы өте зор екенін аналарымыз ертеден білген екен. Тоңазытқышта жиналып қалған майларды ысырап қылмай, шешемнен көргенімді есіме алып, өзім де дәл солай тоң май дайындап қоятын болдым. Қатырып қойып,қажет болғанда пайдаланамын. Арасында тез ерігіш қаздың және жылқының майы болғандықтан, мұндай майға өсімдік майын қоспайды. Ерекшелігі осында☝. Видеоны қарап сіз де ойланып қалдыңыз ба?Соғымның етін жейтін әр қазақтың үйіндегі тоңазытқышында мұндай майлар жиналмай қоймайды. Міндетті түрде жиналады. Қанша фаршқа қоссаңыз да қалады. Сондықтан сіздермен бөлісуді жөн санадым. Ал енді ұнап жатса Лайк басып, менің каналыма тіркеліп қойыңыз. Рахмет. Алла сізге разы болсын. “Әр қазақ бауырым”-деп бір-бірімізге жақын болайық. Достар менің Инстаграм парақшам⤵️: @fermer_azhe Аман-сау болыңыздар. #тоңмай #асхана #үйжағдайында #табиғиөнім #экопродукт #асболсын #животныйжир #комбинированныйжир #гусиныйжир #говяжийжир #внутреннийжир

Похожие видео

Показать еще