Биыл «Славян базары» ән сайысына елімізден Ернар Садырбаев қатысады
Көпшілікке «Әміре» лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев халықаралық "Славян базары" конкурсында Қазақстанның намысын қорғайды. Витебскіде өтетін өнер байқауы ең беделді сайыстардың бірі. Сондықтан әншінің жеке шеберлігі мен елдің мәдениеті де сынға түседі. «Славян базарында» тұңғыш рет «Ұлы дала өнері» деген атпен Қазақстан күні де өтеді. Ұлтымыздың мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында Беларусь еліне 70 адамнан құралған делегация барады. 20 мемлекеттің өнер майталмандары қатысатын байқау 12-16 шілде аралығында болады. Халықаралық сайыста Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен осы конкурстың 2015 жылғы жеңімпазы әнші Димаш Құдайберген қазылық жасайды. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще