Шартарап: Францияда Канн кинофестивалі өз жұмысын бастады HD

17.05.2017
Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы саналатын Гонконг шаһарында ерекше бәссауда болды. Қызығы сол, қаланың қақ ортасында орналасқан жер телімі 3 млрд долларға сатылған. Жер телімі қаланың орталығында орналасқан. Алғашқыда 2 млрд 800 мың долларға бағаланғанымен, Henderson Land жылжымайтын мүлік компаниясы одан жоғары баға ұсынған. Компания жердің әр шаршы футына 6460 доллар төледі. Аукционға барлығы 8 компания қатысқан. Қазір бұл жерде бесқабатты көлік тұрағы бар. Жердің жаңа иесі 2022 жылға қарай орнына зәулім кеңсе ғимаратын тұрғызуға ниетті. Гауһар тасты сырға $57,4 млн-ға сатылды Ал Женевада «Сотбис» бәссаудасында гауһар тасты сырға 57 миллион 400 мың долларға сатылды. Пішіні тамшыға ұқсас сырғаның көгілдір түстісі – 14,5 карат, қызғылт түстісі – 16 карат. Асыл тастарға грек құдайлары Аполлон мен Артемиданың есімдері берілген. Бұл тастар түстері және тазалығымен ерекшеленеді және гауһардың сирек кездесетін түрі болып саналады. Олар сатылымға бөлек қойылғанымен, екеуін де Азия елінің тұрғыны сатып алған. Халық ойындары мен мәдениет фестивалі Түркияда халық ойындары мен мәдениет фестивалі өтті. Айтулы шара биыл Ыстамбұл қаласында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған этномәдени бірлестіктер мен түрік елінің 7 аймағынан келген спорт және өнер майталмандары қатысты. Фестиваль аясында Түркиядағы қазақ диаспорасы халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрін жергілікті халыққа, тамашалап келген шетелдік туристерге көрсетіп кеңінен таныстырды. Канн кинофестивалі Бүгін Францияның Канн қаласында 70-мерейтойлық кинофестиваль өз жұмысын бастады. Екі мыңға жуық толықметражды фильмдер арасынан комиссия бұл жолы 150-ге жуығын таңдап алған. Байқаудың басты сыйлығы – «Алтын пальма бұтағын» иелену үшін биыл сынға 18 картина түседі. Ал 19 мамырда ауқымды шара аясында еліміздің павильоны ашылады. Арнайы ұйымдастырылатын концертте еліміздің танымал өнерпаздары Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді. Айта кету керек, бұл кинофестивальге биыл алғаш рет қазақстандық режиссерлер де қатысады. Еліміздің атынан жас режиссер Диас Әзімжановтың «Ультио» атты қысқаметражды фильмі Short Film Corner секциясында жұртқа таныстырылмақ.

Похожие видео