#NurOtanTrends: жаңа еркін пікірталас алаңы

14.05.2018
Қазақстанда несие үстемесі неге жоғары? Білім беру реформасы қалай жүзеге асуы керек және азық-түлік тауарларының бағаларын қайткенде бақылауда ұстауға болады? Қоғамдағы осы және өзге де өзекті мәселелер енді «Нұр Отан» партиясының алаңында тұрақты түрде көтерілетін болады. Бүгін NurOtanTrends атты жаңа еркін пікірталас алаңы өз жұмысын бастады. Белгілі сарапшылар мен қаржыгерлердің қызу талқылауы Facebook желісінде тікелей эфирде көрсетілетін болады. «Нұротандықтардың» айтуынша, бұл партияның елмен етене әрі ашық жұмыс істейтінін айқын дәлелдейді. Осылайша қоғам белсенділері және белгілі сарапшылармен тығыз байланыс орнатып, ел дамуына оң әсерін тигізетін тұстарды айқындайтын болады. Айта кететін жайт, әлеуметтік желі қолданушылары сарапшыларға өздері түрлі тақырыптарды ұсына алады. Партия алаңында көтерілген мәселелер жай талқыланып қана қоймай, соның нәтижесінде нақты ұсыныстар даярланады. Кейін оларды Үкімет пен Парламентке жолдау бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Похожие видео

Показать еще