30 тамыз, 17.45-те «Жаужүрек мың бала» HD

27.08.2013
30 тамыз, 17.45-те «Жаужүрек мың бала» Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы шығып, ересек сарбаздармен бірге кең байтақ жері мен елін қорғауға өрелі мінезді өжет жастар бел буады. XVIII ғасырдың басында орын алған «Ақтабан Шұбырынды» мен қазақ халқының жоңғар халқымен болған соғысы көрініс табады. Тарих беттерінен сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыртұлғаларының болмысы бейнеленеді. Фильм соңында қазақ пен жоңғар тартысының аяқталуына ықпал еткен «Аңырақай шайқасы» көрсетіледі. Қиын-қыстау кездерде өз рухы мен болмысын жоғалтпай, ел амандығы мен жер тыныштығы үшін өз өмірлерін пида қылған ұлы тұлғалар мен жастарының ерлігін ұлы махаббат сезімімен ұштастырған тарихи фильмге отандық кино және театр актерлері түскен. Отандық актерлермен қатар, фильмдегі эпизодтық рөлдерге монғол актерлері жұмылдырылған. «Жаужүрек мың бала» -- Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының 2012 жылы жарыққа шыққан ең ірі жобасы. Режиссер: Ақан Сатаев Рольдерде: Асылхан Төлепов, Алия Әнуарбек, Аян Өтеберген, Құралай Анарбекова, Тілектес Мейрамов, Төлеубек Аралбай, Өндіруші ел: Қазақстан Шыққан жылы: 2012

Похожие видео

Показать еще