Баланы дамыту - сурет салатын ерекше кисточкалар. Баланы креативті ойын дамыту. Балабақшаға подделка HD

26.02.2019
Өздеріңіз көріп отырғандай суретті тек үйреншікті қылқаламмен ғана емес, сонымен қатар құлақ тазылайтын мақтамен және басқада кисточкалармен салуға болады. Осындай қарапайым, бірақ астарында үлкен философия жатқан сурет сабақтары бала үшін өте маңызды. Неге? – дейсіз ғой. Біріншіден ол баланың креативті ойын дамытады. Ол стандартты оймен өмір сүрмейді. Кез келген мәселеде жан-жақты, басқаша ойлайтын болады. Мысалы, бала сурет салғысы келіп тұр. Бірақ қылқалам сынып қалды. Әйтпесе таба алмай жатырсыздар. Міне, осы кезде бала ойланбастан мәселені осындай жолмен шешуге кіріседі. Үлкен өмірдеде дәл солай болады. Кез келген мәселені шешу үшін ол сан-түрлі амалдар қолданады. Мұндай дайын ағаштарды GOOGLE-дан «Дерево рисунок» деп терсеңіздер көөөп шығады. Айтпақшы, you tube арнамда осындай сан түрлі идеялар бар. Адия Аралбай парақшасына жазылып қойыңыздар. Видео ұнаса ЛАЙК қойып, коммент жаза салыңыздар. Мен қуаныыыып қаламын! Сәттілік! Ізгі тілекпен, АДИЯ АРАЛБАЙ! Инстаграмм:@adiya_aralbai

Похожие видео