Арманым менің, құс пе едің...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Dancing waves” Бейнематериал (фото) авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Арманым менің, құс пе едің, Аспанда, самғап ұшатын? Әлде сен, көрген түс пе едің, Тек түнде, қасымда болатын? Арманым менің, жел ме едің, Сыбырлап тұрған, самалмен? Боран боп соққан, жел ме едің, Адастырған мені, қиялмен? Арманым менің, қыс пе едің, Ызғарыңмен мені, тоңдырған? Сен әлде, ыстық жаз бе едің, Шөлдетіп мені, шаршатқан? Арғымақ аттай, арманым, Жұлқынып тұрсың, тағыда. Осыған сені, ұқсаттым, Үмітсіз, қалмайын деп, қапыда.
Похожие видео
Показать еще