Дәжжал және оның Есегі - заманауи түсіндірме

14.04.2014
Уәделенген Мәсіх (а.с.) келетін заманына байланысты айтылған Дәжжал мен оның есегі туралы сөздерді ахмади-мұсылмандары аллегория (астарлы мағына) ретінде қабылдайды. Хадистерде айтылғандай Уәделенген Мәсіх (а.с.) "Кресті сындырады", "доңызды өлтіреді" -дегені нышан белгісі болғаны сияқты "Дәжжал" да нышан белгісі ретінде келтірілген. Жер жүзінде ғана емес, ғарышқа да билігі жүріп тұрған ұлы да қуатты халықты білдіретін ұғым. "Крест" пен "доңыз" осы халықты ерекшелейтін символ. Хадисте Дәжжалдың оң көзі соқыр, ал сол көзі -өңменнен өтерліктей өткір, жарқырап тұрады делінген. Бұл мінездеме, аталмыш халықтың рухани сәулесі болмағанымен, дүниелік өмірді жете түсінетін, сондықтан да зор материалдық жетістіктерге қол жеткізетін халық дегенді білдіреді. Ахмади-мұсылмандарының түсінігінде Дәжжал мінген есектің бейнесі, Қасиетті Пайғамбар (с.а.с.) заманында кәзіргі заманның көлігін елестетуі. Бұл есектің барлық сипаттамасын Батыс елдерінің ойлап тапқан, жанармаймен әрекетке келтірілетін көліктерінің сипаттамаларымен салыстыруға болады. Есектің хадисте жазылған керемет бейнесін алып көрсек: ол от жейтін болады, жер бетінде де, суда да, ауада да жылжи алатын болады; оның жылдамдылығы соншалықты, бір ай жүретін жолды бірнеше сағатта кешеді; оларға мінушілер оның арқасында емес, ішіне отырады делінген. Осы айтылғаннның бәрінің аса дәлділікпен іске асуы -- Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хақтығының ғажайып дәлелі емес пе?! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ: - Дәжжалдың түп мағынасы: http://my.mail.ru/community/blog_akyluly/551E38F408069C12.html Хадис №11. Дәжжал, оның маңғаздылығы мен пәрмені, оның шапшаң көлік құралдарының қуаты Хадис №12. Исламның Мәсихі, Дәжжалды «өлтіру», Яжүж бен Мәжүж: http://nurym.yvision.kz/post/365429 Ахмадийя Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақ тілінде http://www.alislam.org/kazakh/ қырғыз тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/kg/ өзбек тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/uz/ орыс тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/ru/ араб тілінде http://new.islamahmadiyya.net/ түрік тілінде http://www.ahmediye.org/

Похожие видео

Показать еще