Санжар Ғұлама # Сағындым тағы, сағынып барам... #Венератаншолпан HD
САҒЫНДЫМ ТАҒЫ, САҒЫНЫП БАРАМ... Бөленіп жүрмін сезімге сырлы, Құбылып барам өзім де түрлі. Жазбағанменен сезімді хатқа, Маздаған оты көзімде тұрды. Өзгеріп салды өмірім менің, Қалмады, сірә, көңілімде мұң. Ұнамсыз деме ұнаттым сені, Күмәнсіз сенің сеніміңдемін. Өзіңе жіпсіз байланды ырқым, Бақыттан басым айналды бұл күн. Бас ұра берем, алдана берем, Асыра берші айлаңды, шіркін! Күткенде ессіз, торығып санам, Өзіңнен қалай қол үзіп қалам?! Мөлдіреп тұрған көзіңе қарап, Елжіреп біттім! Елігіп барам! Көрмесем бір сәт, жабығып қалам, Сені іздеп кетем сабылып санам. Жанымның жазы, кетпеші жырақ, Сағындым тағы, сағынып барам! Санжар Ғұлама
Похожие видео
Показать еще