Ұлаң-байтақ қазақ жерінің картасы ерте замандардан зерттеліп келеді.

17.02.2019
Ұлаң-байтақ қазақ жерінің картасы ерте замандардан зерттеліп келеді. Қазіргі қазақ жерінде ерте замандардан сақ-ғұн тайпалары, түрік қағанаттары, қыпшақ ұлысы, Алтынорда, қазақ хандығы билік құрды. Олардың заңды мұрагері бүгінгі қазақ халқы. Осынау алып территориялық аумақты иеленген де біздің батыр бабаларымыз. Бүгінде дүние жүзінде жер көлемі жағынан Қазақстан 9 орында. Жеріміздің атаулары, өзендері, көлдері, тіпті тарихи қалалары да ерте кезден әлем саяхатшыларының, картографтарының еңбектерінде айтылып келеді. Б.з.б. ІІ ғасырда гректің әйгілі ғалымы, картографы К.Птолемей 27 карта түсірген. Соның 7-еуі Азияға қатысты. Ол карталар бүгінгі заманғы карталардай дәл анық, ерекше деп айта алмаймыз. Азияға қатысты карталарда Қазақ жерлері де түскен. Птолемей еңбектері бойынша Сырдария, Әмудария өзендері Каспийге құятыны көрсетілген. Арал теңізін Оксиан деп картага түсірген. Птолемейден кейінде қазақтың жер-су аттары, өзен-көлдері, территориялық құрылымдары да көрсетілген карталар жасалды. Түрік ойшылы Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды.Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында құнды мәліметтер келтіріледі. Махмұд Қашқаридың картасы Птолемейге қарағанда толығырақ жасалды. Араб картографы, саяхатшысы Әл-Идриси картасында қазақ жерінің көп бөлігі туралы анық деректер түсті. Өзіміздің ғұлама ғалымымыз Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты. Қазақ жерінің картасы туралы әлемнің саяхатшылары мен картограф ғалымдары көп мәлімет қалдырды. Біздің қолымызға жетпегендері қаншама. Әлемнің архив мұрағаттары мен шетел музейлерінде жатқандары қаншама. Осылардың барлығын іздеп тауып, өз тарихымызға қосу ол сіз бен біздің міндетіміз. Бізде «Бабалар ізімен» тарихи экспедициясында шетел архивтері мен мұрағаттарынан тапқан құнды карталарды сіздерге таныстыруды жөн көріп отырмыз. Толығырақ біздің фейсбук парақшамызда қарап отырсаңыздар болады.

Похожие видео