Димаш Құдайберген елорда төрінде «Арнау» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді
Концертте қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармаларымен қатар, Димаштың авторлық туындылары ұсынылады. Концертте әлемдік шоулардағы технологиялар пайдаланылмақ. Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған кештің негізгі ұйымдастырушысы, ақпараттық қолдаушысы «Qazaqstan» Ұлттық Арнасы.