Қарақат Әбілдина отбасымен қалай оқшауланып отырғанын айтты HD

20.07.2020
Ешқайда жанталаспайтын,бетімізге бояу жағып әуре болмайтын,не кием деп бас қатырмайтын тып-тыныш осы өмірге әбден үйреніп қалдық.Қақпаның есігін құлыптап алып, өзімізбен-өзіміз оқшауланып өмір сүріп жатқанымызға міне жарты жылдай уақыт болды.Ешкімді көрмейміз,ешқайда шықпаймыз.Барлығы онлайн режимде. Қатаң тәртіпті ұстанып,бала-шағамыздың қауіпсіздігі үшін тырп етпей отырмыз. Бұл індеттен құтылар басқа жол жоқ. БИыл бірінші рет бау бақша еккен едік,мінекей алғашқы жемісін де беріп бастадыөзің еккен жемісті жеген қандай тамаша! Банка жауып,қыстың қамына да кірісіп кеттік,істеймін деген адамға жұмыс жетеді☺️ Отағасының бастамасымен басталған бұл шаруа барлығымызды еңбекке ертіп,кәдімгідей іш пыстырмас ермек болды. Күніне 1-2 сағат жаппай кітап оқуды қолға алдық.Қаза қылмай уақытылы намаз оқығанның сауабын айтпаса да түсінікті.Ең бастысы еңсемізді түсіріп езіле бермей ,әр істен жақсылық таба білейік. Алтын уақытымызды бос өткізбей,өзіңе пайда беретін, өсіп-өнетін игі іске арнайық.Солай емес пе? Көңілдеріңіз түспесін. Барлығы ИншаАлла жақсы болады Елмен біргеміз✊Не көрсекте елмен көреміз✊

Похожие видео

Показать еще