КЕМЕЛ ТОҚАЕВ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: www.kemeltoqaev.kz сайты. А. Әлімжанова HD

21.09.2018
21.09.2018 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Кемел Тоқаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Кемел Тоқаев - жазушы, журналист, қайраткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Шара аясында К. Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында журналистика саласына қатысты жеті аталым бойынша «Елім деп соққан жүрегі» атты байқау ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат: жас ғалымдардың жалпы журналистика салаларындағы мультимедиалық жобаларын жарыққа шығару және кәсіби шеберлігін шыңдау, Тоқаев тәлімгерлігін жалғастыру. Кемел Тоқаев атындағы Байқаудың «үздік мультимедиалық жоба» аталымы бойынша жеңімпазы «www.kemeltoqaev.kz сайты» сайтының жобасы, авторы Айкерім Әлімжанова (ҚазҰУ Журфак. PhD докторантурасы 3 курс), жетекшісі с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева Айкерімді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта осылай белсенді болып, бұдан да сапалы дүниелер дайындайды деп сенеміз. #Kemel_Toqaev #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Похожие видео

Показать еще