Қуандық Рахымның шаңырағындағы беташар той қалай өтті HD

20.10.2020
Отандық танымал әнші Қуандық Рахым өткен демалыста сүйіктісін ұзатып алып, желіні шулатқан болатын. Ал бүгінде ғаламтор кеңістігінде жұлдызды жанұяда өткен беташар тойдың суреттері мен видеолары тарай бастады. Белгілі болғандай, жаңа түскен келіннің бетін енесі немесе әулеттің сыйлы қариясы емес, күйеужігіттің өнердегі досы Төреғали Төреәлі ашқан деп жазады KAZ.NUR.KZ. Instagram желісінің арқасында Қуандық Рахымның жанкүйерлері оның қуанышына өздері де барғандай сезімде болғандарын жасырмады. Ғаламторда ұзатудан кейін орын алған беташар тойдың бейнежазбалары мен фотолары тарап кетті. Видеодан келін болып түсіп, басына ақ орамал тартқан арудың жұлдызды жолдасымен вальс билеп жатқанын көруге болады. Оған қоса, беташар кезіндегі бір қызықты жайт желідегілердің назарына ерекше ілікті. Анықталғандай, жас келіннің бетін ашу мәртебесі әдеттегідей жігіттің анасына немесе көпті көрген қарияға берілмеген. Қуандық Рахым өмірік серігі ретінде таңдаған аруының бетін ашуды өнердегі және өмірдегі досы Төреғали Төреәліге сеніп тапсырған. Ол жарының бетін көпбалалы әншінің өзі ашқанын қаласа керек. Төреғали жаңа түскен келіннің бетін қасиетті домбырамен ашқан. Қуандық Рахым құрдасының төрт перзенттің әкесі атанғанын ырымдап, әйелінің бетін дәл соған аштыртуға бекінген.

Похожие видео