Сындарлы саясат HD
Аптаның басты жаңалықтарын айттық. Енді жыл қорытындысын жалғасақ. Қазақстан дипломатиясы мен бейбітішілік – егіз ұғым. Биыл әлемнің аты әйгілі сарапшылары бізге осындай баға берді. Расында, «соғыссыз әлем» құру – Ұлы дала елінің ұлы миссиясы. Тәуелсіздік түндігін түрген сәттен бастап, төрткүл дүниеде төртінші орынды иеленген атом қаруынан түбегейлі бас тарттық. Сөйттік те, Біріккен Ұлттар ұйымының мінберінен «Семей сынақ полигоны жабылған сәтті – адамзат атаулыға ортақ күн» деп атау бастамасын көтердік. Алты құрлық Алты алаштың үніне бас бұрып, 2009 жылдың желтоқсанында «29 тамызды – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні» деп жариялады. Сол қарқын 2016 жылдың маусым айында заңды жалғасын тапты. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі боп сайланды. Бұл тарихи оқиға, ұлттың толысқандығының көрсеткіші. Әлемдік саясаттың күйіп тұрған бір тақырыбы – Шам еліндегі шайқас. Осынау мәселеде арағайындық ету Астанаға бұйырды. Таңдау жасаған адуыны күшті алыптар. Бұл дүние жүзі қауымдастығының Қазақстанды тұрақты әрі сенімді әріптес санайтындығын танытса керек.
Похожие видео
Показать еще