Сауда соғысы. Санкция – бопсалау ма әлде саясат па?
Көршілес Түркия елі Қазақстанмен байланысты нығайтып жатыр. Дегенмен түріктердің бұрынғы серіктесі Вашингтонмен қарым-қатынасы күннен күнге ушығып барады. Екі тарап арасындағы экономикалық соғыс, лираның құнсыздануы тағы бар. Әлемдік экономика саясаты бара-бара күрделеніп барады. Ердоған доллардан бас тарту саясатын жалғастырып жатса, АҚШ пен Қытай келіссөз өткізуге ниеттеніп отыр. Түркия мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас неден бұзылды? 2016 жылы 7 қазан күні америкалық пастор Эндрю Брансон «тыңшылық жасады» деген айыппен Түркияда тұтқындалды. Измир соты оны үй қамақтан шығару бойынша АҚШ-тың ұсынысынан бас тартады. Содан соң, Вашингтон Түркияға қарсы санкцияларды жаудыра бастады. АҚШ алдымен Түркиядан импортталатын алюминий мен құрышқа баж салығын салды. Тиісінше, Түркия да жауап қатты. Ізінше, лира құнсызданды. Ердоған «доллардан түбегейлі бас тартамыз» деп мәлімдеме жасады. Алайда осыған қарамастан, 23-27 қыркүйек аралығында Ердоған АҚШ-қа іс-сапармен бармақ. Әлемдік сарапшылардың бәрі осы кездесуді күткен еді. Алайда олар кездеспейтін болды. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24