Жаңа оқу жылындағы өзгерістер
Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылмайды, білім күні болмайды. Ал жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. 1 - сынып оқушылары бір кабинетте оқып, үзіліске әртүрлі уақытта шығады. Мектеп кіреберісінде оқушылардың дене қызуы өлшенеді. Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында желтоқсан айына дейін оқушыларды топтастыратын шараларды өткізуге тыйым салды. Тенгриньюс порталына тікелей эфирде сұхбат берген министр Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы өзгерістер туралы мәліметтер берді.