Астанада Еуразия елдерінің муфтилері мен ғұламалары бас қосты
Еуразия мұсылмандарының пәтуә шығаратын ортақ хатшылығы құрылмақ. Бүгін Астанада бас қосқан Еуразия елдерінің мүфтилері мен ғұламалары осындай мәселе көтерді. Дінбасылары бірлесе шешім қабылдау арқылы бар әлемге ортақ түйткілдердің алдын алу оңай болады деп отыр. Бұл форумға келген Ресей мүфтиі қаба сақал мен хиджабқа қатысты пікірімен бөлісті. Ал Түркия атынан келген дінбасы болса Фетхуллах Гүлен туралы ойын айтты.