ЗАҢҒА БАҒЫНБАЙТЫН КАФЕ БАР / AQTAU NEWS HD

12.04.2021
Кафе-барлар тәртіпке бағынбай тұр. Өңіріміз «сары» аймаққа өтседе карантин талаптарын ескермеген кәсіпкерлер, мамандарды сары уайымға салғызып қойды. Ақтау қаласында өткен демалыс кұндері арнайы мониторингтік топпен бірлеске рейд жүргізілді. Барлық нысандар тексеріліп, заңбұзушылықтар анықталды. Солардың бірі 5-ші шағын ауданындағы караоке-барлардың бірінде тіркелді. Түнгі сағат 12-ден кейін де келушілерді қабылдап отырған. Тексеру тобын күтпеген болса керек. Түсірілім тобын көрген бардың қожайыны, қызметте жүрген телеарна операторына қол көтеріп, бейнетаспасын қиратып тастады. Оқиғаның қалай болғанын әріптесім жалғастырсын.

Похожие видео