Шаш ал десе бас алатын салық органдары кәсіпкерлерді қалай қысып жатыр? HD

24.09.2021
Президенттің "Ел қазынасына салықтық түсімді көбейтіңдер" деген тапсырмасын шенеуніктер асыра орындап жатқан секілді. Бір ғана Нұр-Сұлтанда кірістер департаментінің мамандары салық төлеуден қашқақтап келеді деп 3551 кәсіпкердің шотын бұғаттап тастаған. Бірақ, салықты уақытылы төлеп, барлық жұмысты тиянақты істеп келеміз деген кәсіпкерлердің өздері "мамандар заңсыз тексеріп, қысым көрсетеді" деп шағымданып отыр. Елордалық кәсіпкер Жанар Бақашеваны кірістер департаментінің мамандары қылмыскерді тергегендей сұрақтың астына алыпты. Тіпті, төлқұжатын қолына ұстатқызып, бейнекамераға түсіріп жауап алған. Бұл мүлдем бассыздық дейді. Барлық шотын бұғаттап, бірнеше рет құжаттарын сұратқан. Бірақ, ешқандай заң бұзушылық таппапты. Ал, шотын тек прокурорлар мен "Атамекен" палатасына ресми шағым түсірген соң ғана бұғаттан шешкен. ЖАНАР БАҚАШЕВА, Кәсіпкер: Біздің барлық құжатымызды, бізбен келісімшартқа отырған компанияның құжатын тексерді. Барлығы заңды болса да үш жыл бұрынғы есептерімізді сұрады. Екі ай бізді осылай әурелетті. Сарсаңға түскен тек Жанар ғана емес. Нұр-Сұлтанда ресми тіркелген жүз сексен төрт мың кәсіпкер болса соның қазір үш мың бес жүз елу бірінің шоты бұғатталған. Жауаптылар салықтан жалтарғандықтан, осындай әрекетке барамыз дейді. Тіпті, экс-депутат Ирак Елекеев те он төрт тиын салық төлемей кеткендіктен, біраз әуреге түсіпті. Екі мың жиырма үшінші жылға дейін шағын бизнестегілерді тексеруге мораторий жарияланса да, кірістер департаментіндегілер пилоттық жобаны желеу етіп, кәсіпкерді қысады екен. "Бұл - пара талап ету үшін жасалатын амал" дейді Атамекен кәсіпкерлер палатасындағылар. Бірақ, кірістер департаментіндегілер мұнымен келіспейді. ТАУКЕН ОШАҚБАЕВ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары: – Анда-санда бар шығар. Оны мен естігем жоқ. Осы жерден жаңа біреуін естіп отырмын. Бандит сияқты жұмыс істейді дегенмен мен келіспеймін. Мысалы, бүгін бір компанияның счетын бұғаттасақ, жаңадан шығады, оларды да бұғаттауымыз керек қой. Сондай недобросовестный компаниялар ол өсе береді! Кірістер департаментіндегілердің негізгі міндеті де сол: тәртіпке бағынбайтын кәсіпкерлердің салығын заңды түрде төлеттіру. Бірақ, Президенттің "Ел қазынасына түсетін салықты көбейтіңдер" деген тапсырмасын орындау кезінде асыра сілтеп жіберетін қызметкерлер барын ешкім жасырмайды. Кәсіпкерлер палатасындағылар қазірдің өзінде заңды жұмыс істеп, уақытылы салық төлеп отырса да, кірістер департаментінің мамандарының "уысына" түскен жүздеген кәсіпкер бар дейді. Айбар Төлжанұлы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #салық #ДГД #кірістер_комитеті #ИП #кәсіпкерлер

Похожие видео

Показать еще