Физика. Механика. Кинематика. Бірқалыпты қозғалыс. 21-30-шы есептер. HD

11.12.2019
21. 72 км/сағ жылдамдықтың мәнін м/с-ке келтір: А) 15 м/с B) 25 м/с C) 5 м/с D) 20 м/с E) 10 м/с 22. Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы A) 0; 0. B) 400 м; 400 м. C) 400 м; 0. D) 0; 400 м. E) 800 м; 0. 23.108 км/сағат жылдамдықтың мәнін м/с-ке келтір А) 20 м/с В) 25 м/с С) 15 м/с D) 30 м/с Е) 5 м/с 24. Спортшы стадион жолымен 1200 м ара қашықтықты жүгіріп өтіп, бастаған сөре орнына қайтып келді. Спортшының жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі A) 0; 0. B) 1200 м; 1200 м. C) 0; 1200 м. D) 1200 м; 0. E) 1200 м; 600 м. 25. Автобус маршрутқа шығып, кешке қайтып келді. Осы уақытта есептегішінің көрсеткіші 500 км-ге артты. Автобустың жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі A) 500 км; 500 км. B) 0; 0. C) 500 км; 250 км. D) 0; 500 км. E) 500 км; 0. 26. Бала түзусызықты қозғала отырып А нүктесінен бастап С нүктесіне барады да, кейін D нүктесіне барып тоқтайды. Осы кездегі жол мен орын ауыстыру сәйкесінше A) 6 м және 0 B) 6 және 6 м C) 3 м және 6 м D) 4 м және 2 м E) 6 м және 2 м 27. Жер бетінен 1 м биіктегі доп тағы 2 м вертикаль жоғары лақтырылып, Жерге құлады. Доптың жолы мен орын ауыстыруы A) 5 м; 1 м. B) 4 м; 1,5 м. C) 4 м; 2 м. D) 5 м; 3 м. E) 4 м; 2 м. 28. Жасанды серіктің айналу периоды 1тәул., радиусы R дөңгелек орбита бойымен Жерді айналып қозғалады. Серіктің 24 сағаттағы жолы мен орын ауыстыруы A) 0; 0. B) 2πR; 2πR. C) 2R; 2R. D) 2πR; 0. E) πR; 0. 29. Ауа шары Жер бетінен 200 м биіктікке көтерілді және көтерілу кезінде желдің әсерінен батысқа қарай 150 м орын ауыстырады. Шардың жүріп өткен жолын табыңдар. A) 400 м. B) 300 м. C) 450 м. D) 150 м. E) 350 м. 30. Солтүстік-шығысқа 2 км, сонан соң солтүстікке 1 км жүзген катердің жолы A) 3 км. B) 1 км. C) 2 км. D) 1,5 км. E) 2,8 км.

Похожие видео

Показать еще