Саят Әбенов - Білсең ғой HD

05.04.2019
Білсең ғой... Білсең ғой, Сезім бəрін жеңетінін, Бұл өмір сонда төрін беретінін. Мен сенің жүрегіңде жүз жыл емес, Мəңгілік өмір сүргім келетінін. Білсең ғой, Сүйген жүрек көнетінін, Үміт те соңғы болып сөнетінін. Бірақта, сол Жүректің сені ғана, Ерекше қатты жақсы көретінін. Білсең ғой, Кейде мəжнүн қылатынын, Сағымдай алдап жолға жығатынын. Бойыңнан бір кемшілік байқасам да, Жүрегім оған да көз жұматынын. Білсең ғой, Өтетінін күн ақырын, Алдымнан талай сынақ шығатынын. Білсең ғой, бірақ-бірақ, білмейсің ғой, Махаббат - екеумізден тұратынын! Торғайлық ақын - Саят ƏБЕНОВ

Похожие видео

Показать еще