Әйел монологы... Фатима Забурқызы HD
ӘЙЕЛ МОНОЛОГЫ Жалғыздыққа құшағымды ерте аштым, Сұлу аймен түнде жылап,сырластым . Мен өтірік сүйе алмадым ешкімді, Махаббатқа адал тамшы көз жасым. Кім біледі, бұл бұйрығы Құдайдың, Ақырын бер.Мен де енді шыдайын. Бір адамды құлай сүю - шын бақыт, Біле тұра мұны неге мұңайдым? Қосылмаса,қосылмасын жолымыз, Білмейміз ғой, бақ па,әлде сорымыз. Тағдыр биін үнсіз билеп келеміз, Бір болуға жетпеген соң қолымыз. Мұңлық мұңды кірпігіме қондырып, Сезім гүлін қоңыр күзде солдырып. Жалғыз өзім айдынымда жүземін, Ақ жүзімді суық желге тоңдырып. Ұзатқанда керуен дүние өз көшін, Іздейді адам өзіне ұқсас болмысын. Шын ғашық жылап жүрер егіліп, Ести алмай сүйген жүрек соғысын. Сынақ шығар, көнеміз ғой қайтеміз, Мықтымыз біз...Әдемі әрі еркеміз. Бір адамды сүйіп қалған әйелдер, Бұл жалғаннан жалғыз болып өтерміз. Фатима ЗАБУРАҚЫЗЫ.
Похожие видео
Показать еще