Аршын тобы Балқантау Аққулары 2002 ж.
Балқантау. Халық әні. Күн шықты көк жиектен арай-арай Көз талды Балқантауға дариға қарай-қарай Армандай өмір бақи алдарқатқан, Жүздеспей кетеміз бе дариға уа дариға-ай. Қайырмасы: Ахоу,арман Ахоу арман Ахоу Балқан,Балқан! Бұлттардай ойнақ салған аспанымда, Ол күндер өтті кетті дариға қас қағымда Алаңдап Балқантауға жүремін тек, Бәріне куә болған дариға жас шағымда. Қайырмасы.