Көксерек
Уақытында көрерменнің ризашылығына бөленген фильмді «Оскар» сыйлығына ұсынбақшы болған екен. Алайда халықаралық пайымда дала аңын ату қисынға келмейді деп көркем фильм әлемдік масштабқа шықпай қалды. Бакуде өткен бүкілодақтық кинофестивальдегі бірінші орын, дәл сол фестивальде Аханғұлдың рөлін сомдаған С.Чокморов та үздік әртіс болып танылады. 1974 жылдың тамыз айында Локарнода (Швейцария) өткен халықаралық кинофестивальде арнайы дипломмен марапатталады. «Ең үздік бала актер» ұсынылымы бала Қамбарға бұйырды.