Ашура күнгі ораза Ашура күні HD
Ашура күні. Ашура күнгі ораза. Хижра жыл санауы бойынша Мұхаррам айы 1444-жылына аяқ басып отырмыз. Бұл ай мұсылмандардың Меккеден Мәдина шаһарына қоныс аударғанымен тарихта қалды. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «...Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айын оразамен өткіз. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар. Осы күні Алла Тағала кей қауымның тәубесін қабыл етіп қойған болса, кейбір қауымның таубесін осы айда қабыл етеді», – деген екен. Осы ретте Ашура күнінің тарихы жайлы. «Ашура» сөзі араб тілінде «ъашара» он санынан шыққан. Бұл күн мұхаррам айының оныншы күніне сай келгендіктен «Ашура», яғни, оныншы күн деген атау берілген. Ашура күнін қасиет тұту сонау жәһили (надандық) дәуірінен бастау алады. Ислам келмей тұрғанда да арабтар осы күні ораза ұстайтын, осы күні Кағбаның жабуын ауыстыратын болған. Бұған Айша анамыздың (р.а.) мына сөзі дәлел: «Исламнан бұрын Құрайыш арабтары Ашура күні ораза ұстайтын. Пайғамбарымыз да сол кездері ораза ұстайтын еді. Ол (с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғанда өзгелерге де осы күні ораза ұстауды әмір етті. Кейінірек Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін, Ашура күні ораза ұстамайтын болды. Бұдан соң осы күні қалағаны ораза ұстады, қаламағаны ұстамады». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына хижрет еткеннен кейін, қаланың байырғы тұрғындары болып табылатын Яхуди дінін ұстанатындардың да Ашура күні ораза ұстайтынын көреді. Мұның себебін сұрағанда: «Бұл күні Мұса пайғамбар және Исраил қауымы Перғауынның құлдығынан құтылып, Перғауын және оның ізбасарлары суға тұншықты. Осылайша перғауынның құлдығынан құтқарған Аллаға шүкір етіп, Мұса пайғамбар ораза ұстаған», – деген жауап алады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Біз Мұса пайғамбарға сендерден де жақынырақпыз», – деп, сол күні ораза ұстауды мұсылмандарға кеңес етеді. Бұл күнді Яһудилер «мейрам» ретінде көргенімен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол күні тек ораза ұстауды бұйырды. Сондықтан мұсылмандар ашураны мейрам ретінде санамайды, керісінше ауыз бекіткенді жөн көреді. Пайғамбарымыз болса бізге: «Сендер ауыздарыңды бекітіңдер!» деді». Әзіреті Алиден (р.а.) келген бір хадисте, бір кісі Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа Расулалла! Рамазан айынан кейін, қай айда ораза ұстауыма кеңес етесіз», – деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айында ораза ұста! Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар, сол күні Алла Тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді»,– деді. Сахаба Акрама (р.а.) мен Әзірет Алидің (р.а.) айтуларына қарағанда, Адам атамыздың да, Юнус пайғамбардың да тәубесі қабыл етілген, кешірім етілген күн – осы Ашура күні. Ендеше, осы күні «тәубе» намазын оқып, өткен-кеткен, пендешілікпен біліп істеген, білмей істеген күнәларымыз үшін арнайы кешірім тілегеніміз жөн болады. Әрине, бұл дегеніміз басқа күндері кешірім тілемеу керек, тәубе жасалынбайды деген сөз емес. Дегенмен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, осы күнде, күнәнің кеш
Похожие видео
Показать еще