Сиқырлы түс - Студия Имран

05.06.2011
1. Ла-ла-ла Жылы алақан, анашымның әні, Әлдилеп, аялап -- кеттім мен ұйқыға балқып балдай тәтті. Сол+замат аспаннан көгілдір нұр төгілді жайнап маған. Сиқыр ертегі ұшырғандай мені, Алысқа жетелеп ғажап әлемі, айналам алуан түр төгеді. Жұлдыз сүйіп, самал аймалап мені еркелетті. Шаашыма гүлдесте тағып гүлден Ұшқынын шашады ай да көктен. Маржан тағы маған Лағыл, жақұт тастан. (проигрыш) Ла-ла-ла 2. Қанат біткендей самғадым алысқа Ғарыштан қарадым туған жеріме Жап-жасыл жайнаған нұрлы әлемде. Кетпе сиқыр түсім, жетеле мені туған елге. Көзімді ашқанда таң нұрыменен Қуандым ақ күнге анашыммен. «Анам, елім, жерім аман болсын» деп тіледім мен. Көзімді ашқанда таң нұрыменен Қуандым ақ күнге анашыммен. Аман болсын менің анам, жерім, елім.....

Похожие видео

Показать еще