Кейде ұйықтап кеткім келеді
Кейде ұйықтап кеткім келед Қажытқанда сыр-мұңыңды ішіңдегі Жақыныңның түсінбеуі. еңсеңді бір түсіргені. Ұйықтап кеткім келед Қалу үшін ұмытылып дәл бүгін Ұмыту үшін барлығын! Өмірді ертең бастау үшін жаңаша Қуанышпен қарсы алу үшін таң нұрын. Мәңгілік Бар өкпені, наланы Өткен күннің еншісіне қалдырып! Кейде ұйықтап кеткім келед Көру үшін түсімде Жүрегімнің төрінен орын алған Бір кездессем екен деп көңіл ауған жандарды сағындырған. Көру үшін түсімде жоғалған өмірімдегі жанашырлықты Ана да аямады баласын тіпті Не екен адамдарды жаңылдырған. Ұйықтап кеткім келед Көру үшін түсімде шындықты, әділеттілікті Көп пенде ақыретті ұмытты, Қарынын тойдырғанын, өмірдің мәні деп біліпті. Сол жолда етіп, жанын құрбан. Ұйықтап кеткім келед Сәттерде жүрек жылап, жан сыздаған Ұмытып бәрін бір сәт қамсыз болам Бірақ есте қалмайтын түс сияқты Кейде өмір көрінеді мәнсіз маған. Көрпемді оранып ап, кетсем де ұйықтап, Өмір сүре береді менсіз ғалам. Ұйықтап кеткім келеді. Жалған мынау Өң бе, түс пе? Белгісіз сезінгенге. Ұйқыда жатқан жоқ па онсыз да адам Оянатын мәңгілік көз ілгенде?!
Похожие видео
Показать еще