Әбіл және Қабыл
Описание «Көктен түскен уахи қиссалары» Культсектор. Қазақ және орыс тілдерінде. Араб тілінен аударылған. 60 сериядан тұрады. Мультфильмде Құран мен хадистерде айтылған пайғамбарлар мен ізгі адамдар жөнінде айтылады. Адамзаттың тарихы Бір Аллаға ғана құлшылық жасауға шақырған пайғамбарлар өмірімен тығыз байланысты. Елшілердің жіберілу миссиясында Аллаһ Тағаланың ақыл жетпес даналығы жатқаны сөзсіз. Пайғамбарлардың өмірбаянында Аллаға, періштелерге, кітаптарға, елшілерге, Ақырет күніне және тағдырға иман келтірген ақыл иелері үшін көптеген ғибратқа толы уақиғалар бар. Осы оқиғалар арқылы тіршілік пен адам өмірінің мәнін түсінуге болады, сондай-ақ тақуалық, турашылдық секілді көркем мінез-құлықтарды қалыптастыру ісінде өнеге бар. Әрбір серия жеке бір пайғамбардың өміріне арналған. Оқиғалар Құран мен Сүннеттен алынған нақты деректердің негізінде баяндалады және тағылымды өсиеттермен аяқталып отырады. Сериал барлық жас өкілдеріне арналған. Тэги Қабыл, Әбіл, Адам Asylarna kz
Похожие видео
Показать еще