Ана мен бала

07.02.2015
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Дарин Сысоев «Мама» Бейнематериал авторы – KAZCINEMA Production “Соқыр ана” Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Сен деп, таңын атқызған, Шырт ұйқыдан, мың тұрып. Бар өмірін арнаған, Сен деп, сенімін құрып. Бар тәттісін, аузыңа, Тығып, көрсетпей берген. Жоқ болсада, алдыңа, Қарыз демей, әкелген. Өстің, кеттің қалаға, Жолыңды іздеп, өзіңе. Жалынып жатыр, Аллаға, Сәттілік тілеп, ізіңе. Күтуде ана жүрегі, Сағымда болып, әрқашан. Амандық саулық тілегі, Жоқ артық оған, басқадан. Болмасын көңіл, далада, Тірісінде ойла, бағала. Бар бақыт, білсең анада, Осыны ұмытпа, кеш қалма.

Похожие видео

Показать еще