Төлеби ауданында жаңа мешіт ашылды

17.11.2015
Төлеби ауданында жаңа мешіт ашылды «Аманта» мешіті ел игілігіне берілді. Кемеқалған ауылдық округі Абай ауылының төсі тағы бір Алла үйімен толықты. Бір мезгілде 400 адам қатар тұрып, намаз оқи алатын мешіттің ашылу салтанатына Бас муфтий Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақ болды. Күміс күмбезді бұл мешіт - Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округіндегі жаңа ғибадатхана. Оңтүстіктегі игі жақсылар мінәжат орнының ашылу салтанатына қатысып, бабалар рухына құран бағыштады. Еңселі мешіттің мұнарасы - 19 метр. Қаржылай қол ұшын созып, демеушілік жасаған - облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбеков.

Похожие видео

Показать еще