Заман тобының әншісі Argonya жайлы: Ақылсызға айтқан сөз қорадағы малға айтқанмен тең HD

13.07.2020
Заман тобының әншісі Ерген Айтымбетов жас әнші Argonya жайлы ойын айтты. Айтымбетов ғана емес, өнер өкілдерінің біразы оның атышулы әндерін ұната бермейді. Бұл қазақ өнеріне деген қиямет деп түсіндірді. Argonya "Кірмей қала ма деп қорқамын" атты әнін Бейбіт Қорғанмен бірге орындаған. Алайда әріптестері тарапынан сын астында қалды. Жастар жағы хайп әндерге қызыққыш келетіні белгілі. Ал салмақты әндер шырқап жүрген орта буын үшін бұл арзан ән дейді ол. "Мен адамның сыртынан айтқанды жек көремін. Ол әншімен кездесіп қалғанда өзіне де айтқанмын. Әуені жақсы. Оранжировкасы жақсы. Бірақ сөзін түзеп жіберу керек деп ескерттім. Ол "менде не шаруаң бар" дегендей кейіп танытты. Қазақша ақыл айтсаң, орысша ұрысып тұратындар бар ғой. Басқаша да сөйлесуге болады. Бірақ түсінбейтін адамның санасына кірмейді екен. Қазақта бұған қатысты "ақылсызға айтқан сөз - қорадағы малға айтқанмен тең" деген сөз бар", - деді Ерген Айтымбектов.

Похожие видео

Показать еще