Жасыл кеудеше киіп, жол жиегін торуылдағандар тұрғындарының шамына тие бастаған сыңайлы
Жасыл кеудеше киіп алып, жол жиегін торуылдаған адамдар қала тұрғындарының шамына тие бастаған сыңайлы. Жол жиегіне аялдап, көлігіңді 10 минутқа қойып кетсең алақанын жайып, алдыңнан жүгіріп шығады -дейді жүргізушілер. Жол бойына уақытша көлік қойып кету ақысы 50-200 теңгеге дейін болса, түнгі клубтар пен мейрамхана маңайларындағы жабайы тұрақ 500 теңгеге бірақ шығады екен.