ҚАЗАҚ деген немене??? HD

14.12.2019
Уррааа! Атам келді, атам келді алыстан! Құшақтастық мауқы басып сағынысып қалысқан. Базарлықты жеп болған соң атам маған бүйдеді Басты сипап,арқа қағып, дауыспенен намысқан: - Балам менің, сен менің ақынымсың Ұрпағымды жалғастырар жақынымсың. Елім деп соққан жүректі ең бастысы Қазақтың кең иықты батырысың! Балам менің, сен менің батырымсың! -Ата! - дедім мен сосын, -Ақыныңды түсіндім Батырыңды түсіндім Қазақ деген немене? Түсінбедім осыны - Еее, балам, қазақ деген, қазақ деген тарихы бар ұлы сөз! Жетімдерін жылатпаған жылы сөз. Қазақ деген арын таза, қанын таза ұстаған Қазақ деген рухы биік ұлы сөз! - деді Атам, күрсініп ұзаақ ойланып. - Ата,ҚАЗАҚ деген немене? Түсінбедім ештеме Деп сұрадым Атамнан Сәл кідіре кішкене. Атам маған бір қарады, Телефонға бір қарады Сөйтті дағы бүйдеді: - Балам,сен менің асыл қалқамсың Өресі биік еш бұзылмас қалқансың Түсіндірейін бұларды кейін мен саған Фэйсбукты бір ақтарып алған соң.- деп болған соң телефонын қолға алып Басқа әлемге кіріп кетті осыны айтып болған соң. Түсінбеген сөзді аяғына шейін түсініп біліп сұрайын Әкеме бардым, әкемнен дедім сұрайын. Әкеме барсам, қолында тел, алдында ноут, көзде әшки Басқа әлемде ол да жүр ау деп түсіндім пәшти -Әке!-дедім -Әке!-дедім, ҚАЗАҚ деген немене? ҚАЗАҚ деген машина ма кеме ме? Әкем маған бір қарады,телефонға бір қарады Сөйтті дағы бүйдеді: - Мазалама мені, балам, жұмыстарым көп менің Анаңа бар, сұрағыңа жауап берер сол сенің!!!- деді дағы телефонын қолға алып, Ол да кетті әлеміне қомданып. Амал жоқ нешік анама бардым ашығып, Қамыр жайып тұр екен барсам асығып. Телефонын ыдысқа тіреп Ютубтан Тұр екен ол да сериал көріп жасығып. - Ана!-дедім, -Ана!-дедім -Қазақ деген немене Қазақ деген машина ма әлде үлкен кеме ме? Атам айтқан түсінбедім Әкемнің қолы бос емес Өзіңе келдім түсіндірші Қазақ деген немене??? Анам маған бір қарады,телефонға бір қарады Сөйтті дағы бүйдеді: - Балам,-деді, -Ерігесің,ермек керек саған да Тірлігім көп, телефоннан мультик қараш одан да!- деп болған соң қолыма берді телефонды ұнданған, Жалғастырып қайта жайды қамырларын бұлданған. Телефон қолдаа, ҚАЗАҚты қайтем енді мен Телефоннан,басқа әлемнен тәрбие алам емдігем Ата-анам көп шүйлігеді осыған да себебі Телефонда бар қызықтың көкесі тұр себебі! Ата анамнан үлгі аламын әрқащанда мен тегі Қайтер едің осындайда жауап берші енді сен???

Похожие видео